Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Күршім аудандық мәслихатының төрағасы | К. Бахтияров |
| Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 38/3-VІIІ шешіміне қосымша |
Күршім ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық норма (1 есептік бірлікке) |
1 | Абаттандырылған үйлер иелігі | 1 тұрғын | 1,68 |
Абаттандырылмаған үйлер иелігі | 1,72 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар,және басқа да осындай объектілер | 1 орын | 0,96 |
3 | Қонақүйлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,73 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,54 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,32 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0082 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,02 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,21 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көнілкөтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,71 |
10 | Концерт залдары, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,3 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
14 | Азық-түлік, өнер кәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,28 |
16 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
17 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
18 | Автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,34 |
19 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | жалпы алаңы 1 м2 | 1,28 |
20 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
21 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,55 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,86 |
23 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
24 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,02 |
25 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері | жалпы алаңы 1 м2 | 0,64 |
26 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
27 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,22 |
28 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
29 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,48 |
30 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
