Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 38/2-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім аудандық мәслихатының төрағасы К. Бахтияров

  Күршім аудандық мәслихатының
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 38/2-VІIІ шешіміне
қосымша

Күршім ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Тариф (қосылған құн салығысыз, теңге)

Тариф (қосылған құн салығымен, теңге)

Абаттандырылған үйлер иелігі

1 түрғыннан айына

374,43

419,36

Абаттандырылмаған үйлер иелігі

383,35

429,35

Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлікке (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2674,50

2 995,44


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады