ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" Кодексінің 602-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін 6,00 ден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.
2. Риддер қалалық маслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 17/3-VII "1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 29383 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |
