Айнабұлақ ауылдық округіндегі көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімнің 2025 жылғы 30 қазандағы № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Айнабұлақ ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Айнабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айнабұлақ ауылының

      9 шартты көшесі – Әбдікәрім Ахметжанов көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Айнабұлақ ауылдық округ әкімі А. Матанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады