ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 517/НҚ "Аймақтандыру коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 215756 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
|
"КЕЛІСІЛДІ": Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының республикалық мемлекеттік мекеме басшысы "_____" ___________ 2025 жыл ________________ А. Қайырбек |
| Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "30" желтоқсандағы № 4130 қаулысына қосымша |
Өскемен қаласында және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтарда салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттері
№ р/с | Аумақтық учаскесі | Пәтерлердің салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті | Жеке үйлерге салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті | Саяжайлардың салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті | Гараждардың салық салынатын құнын есептеу үшін аймаққа бөлу коэффициенті | |
I | Прохладный массивінің оңтүстік-шығысындағы саяжайларды қоспағанда, әуежайдан оңтүстікке қарай саяжай массивінің аумағы. Үлбі өзенінің жағасынан Охотская көшесіне дейінгі Старая Согра массивінің аумағы. Охотская көшесінен солтүстікке қарай Вешний тұйық көшесімен Дружинниктер көшесімен қиылысқа дейін, Целиноградская көшесімен қиылысқа дейін Согринская көшесіне дейін. Согринская көшесімен Новый подхоз, Старый подхоз тұрғын массивіне дейін. Новая Гавань тұрғын үй массиві, саяжай массиві, 10-шы Мельзавод тұрғын үй массивінің маңы | 1,45 | 1,5 | 0,95 | 0,95 | |
II | Комендантский түбегінің аумағы. Солтүстік жағынан өнеркәсіптік тораппен шектесетін қала аумағы: Бажов көшесінен өнеркәсіп кәсіпорны аумағының шекарасымен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен Белинский көшесімен, Михаэлис көшесімен қиылысқа дейін, Алматы көшесіне дейін. Солтүстік-шығыс жағы Шәкәрім даңғылына дейін, Шәкәрім даңғылымен Борис Александров көшесімен қиылысқа дейін, Саратовский тұйық көшесіне, Р. Люксембург көшесіне дейін, көп қабатты құрылысты қоспағанда Тихая көшесіне дейін. Үлбі өзенінің сол жағалауымен Абай даңғылына дейін, оңтүстікке қарай Тракторная көшесімен қиылысқа дейін, өнеркәсіп торабына дейін. Прохладный массивінің аумағы, жеке сектор маңы. 2-ші Паровозный тұйық көшесінің бойымен Деповская көшесіне дейін, 1-ші Паровозный тұйық көшесімен қиылысқа дейін, Элеваторная көшесіне дейін, Грейдерная көшесіне дейін, және Вытяжной тупик көшесіне дейін, Нефтяная көшесімен Западный тұйық көшесіне дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылымен Мостовая көшесіне дейін, Сафонов көшесімен Гурьевская көшесіне дейін, Целинный тұйық көшесімен Пограничная көшесіне дейін, Ертіс өзені бойымен. Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен әуежайдың оңтүстігіндегі саяжай массивіне дейін, Прохладный ауданына дейін. Защита тұрғын ауданының, оңтүстік-шығыс жағынан өнеркәсіп торабы аумағы | 1,95 | 1,7 | 1,1 | 1,4 | |
III | Охотская (Согринская) көшелерінің Вешний тұйық көшесіне дейін, Егоров көшесіне дейін, Дмитрий Менделеев көшесіне дейінгі шекарада Новая Согра тұрғын ауданының аумағы. Мирный кентінің солтүстік-батысындағы саяжай массивінің аумағы. Мирный кентінің оңтүстік-батысындағы саяжай массивінің аумағы. Ертіс өзенінің оң жағалауында Аблакетка тұрғын массивінің оңтүстігіндегі саяжай массивінің аумағы, "Өскемен конденсатор зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағы. Әуежай және Кирзавод аудандарындағы тұрғын үй массивтерінің аумағы | 1,6 | 1,3 | 1,15 | 1,0 | |
IV | Мирный тұрғын массивінің аумағы және "Востокмашзавод" акционерлік қоғамының аумағы. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен Гагарин бульварымен қиылысқа дейін, Металлургтер паркінің бойымен, оның аумағын қоспағанда, Виноградов көшесіне дейін, Белинский көшесімен қиылысқа дейін, Михаэлис көшесімен Алматы көшесіне дейін, 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесіне, Карбышев көшесіне дейін, Ертіс өзенінің оң жағалауымен Ақтөбе көшесіне дейін, саяжай массиві бойымен Дружба көшесіне дейін, Целинная көшесіне дейін, Сафонов көшесіне дейін, Лопатинский тұйық көшесімен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін. Красин тұрғын массиві, гараж кооперативтері. Аблакетка тұрғын массивінің солтүстік-шығыс бөлігінің Северная көшесінің шегіндегі аумағы, Лесхоз маңындағы саяжай массивтері | 1,9 | 1,65 | 1,15 | 1,35 | |
V | Ертіс өзенінің сол жағалауы аумағы Иртышская көшесі Қаныш Сәтпаев даңғылымен қиылысқа дейін 14-тұрғын ауданға дейінгі шекараларда, Металлург кентінің шекарасы бойымен Прииртышская көшесіне дейін, Ертіс өзенінің сол жағалауымен. Согринская көшесі, Егоров көшесі, Дмитрий Менделеев көшесіне дейін, Вешний тұйық көшесіне дейінгі шекараларда қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі өнеркәсіп кәсіпорындары мен саяжай массивінің аумағы. Мыза көшесінен Үлбі өзенінің жағалауына дейінгі шекараларда Шмелев лог тұрғын массивінің аумағы. Деповская көшесінен 1-ші Паровозный тұйық көшесіне дейін, Нефтяная көшесіне дейінгі шекараларда темір жолдың оңтүстік жағындағы өнеркәсіп объектілерінің аумағы. Ертіс өзенінің оң жағалауынан Лесозавод массивінің шығысындағы саяжай массивіне дейінгі Лесозавод тұрғын массивінің аумағы | 1,9 | 1,8 | 1,1 | 1,25 | |
VI | "Өскемен арматура зауыты" акционерлік қоғамы маңыдағы өндірістік объектілердің аумағы, Загородный кенті, Старая Согра массивінің солтүстік-батысындағы саяжай массиві. 14-тұрғын ауданның (ЖМК маңы), 23-тұрғын ауданның тұрғын массивтерінің аумағы, саяжай массивтері. Северная көшесінің шекараларында Аблакетка тұрғын массивінің, Ертіс өзенінің оң жағалауына дейінгі саяжай массивінің аумағы | 1,85 | 1,45 | 1,05 | 1,1 | |
VII | Саяжай массивін қоспағанда Ертіс өзенінің сол жағалауына дейінгі Металлург кентінің және Үлбі кентінің аумағы, Солтүстік өнеркәсіп торабының аумағы | 1,7 | 1,45 | 1,0 | 1,15 | |
VIII | Е.П. Славский атындағы жағалаудан А. Протозанов көшесіне дейін, Мыза көшесіне дейінгі шекараларда Стрелка шағын ауданының қаланың орталық бөлігінің аумағы. Новаторлар көшесімен, Қабанбай батыр көшесімен, Ертіс өзенінің оң жағалауы бойымен Е.П. Славский атындағы жағалауға дейін. Спорт сарайы маңындағы қаланың орталық бөлігі, Абай даңғылынан Космическая көшесіне дейін, Шәкәрім даңғылынан Борис Александров көшесіне дейін, Үлбі өзенінің сол жағалауына дейінгі аумақ. Жағалау бойымен Астана көшесіне дейін, Студенттер қалашығының аумағы | 2,00 | 1,75 | 1,1 | 1,45 | |
Өскемен қаласының елді мекендері | ||||||
Меновное ауылы | ||||||
I | солтүстігінде Максим Горький көшесінің бойымен Шоссейный шолақ көшесіне дейін, шығысында көтерме-тарату орталығы бойымен Жібек жолы көшесіне қарай, оңтүстігінде Юбилейная көшесінің бойымен, батысында Меновное ауылын айналып өтетін автомобиль жолына дейін, Конечный шолақ көшесі бойымен | 1,6 | 1,7 | 1,05 | 0,85 | |
II | аймақтың солтүстік бөлігі Ертіс өзенінің саласымен, шығыс және оңтүстік бөлігі Ярославская көшесінің бойымен, батыс бөлігі "Восход" бау-бақша серіктестігі бойымен шектеседі | 1,6 | 1,7 | 1,05 | 0,85 | |
III | солтүстігінде Ертіс өзенінің бойымен, шығысында қоғамдық-іскерлік құрылыс бойымен, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі құрылыс бойымен, солтүстік-батысында "Восход" бау-бақша серіктестігінің бойымен | 1,6 | 1,7 | 1,05 | 0,85 | |
Ново-Троицкое ауылы | ||||||
I | солтүстігінде және солтүстік-батысында "Муравей-2", "Залив-1" бау-бақша серіктестіктері, шығыс бөлігінде Өскемен су қоймасының бойымен, оңтүстігінде орман-саябақ аймағы, батысында тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған аумақ | 1,05 | 1,25 | 0,8 | 0,8 | |
Ново-Явленка ауылы | ||||||
I | солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің бойымен, шығысында шаруа қожалықтарының жерлерімен шектеседі, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында 28-тұрғын ауданының бойымен, батысында тоған балық шаруашылығы аумағының бойымен | 0,9 | 1,45 | 1,0 | 0,8 | |
II | солтүстігінде және батысында шаруа қожалықтарының бойымен, солтүстік- шығысында Ново-Явленка ауылының шекарасымен, оңтүстігінде Прудхоз ауылының бойымен | 0,9 | 1,45 | 1,0 | 0,8 | |
Ново-Ахмирово ауылы | ||||||
I | солтүстігінде "Звездный" бау-бақша серіктестігінің аумағы, шығысында "Подснежник-2" бау-бақша серіктестігінің аумағы, оңтүстігінде № 1 әскери қалашық, батысында тұрғын үй құрылысы | 1,5 | 1,1 | 0,95 | 0,95 | |
II | солтүстігінде "Звездный" бау-бақша серіктестігінің аумағы, шығысында және оңтүстік-шығысында Ново-Ахмирово ауылының аумағы және әскери қалашық, оңтүстігінде тұрғын үй құрылысы аумағы | 1,5 | 1,1 | 0,95 | 0,95 | |
Ахмирово ауылы | ||||||
I | Ғайса Аязбаев көшесінен бастап Мелиораторлар көшесінің бойымен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында "Экология", "Родничок", "Заря", "Изумруд" бау-бақша серіктестіктерінің бойымен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Қ. Қондыбаев көшесінің бойымен Т. Нұқаев көшесіне дейін, одан әрі Молодежная көшесінің бойымен | 1,05 | 1,35 | 1,05 | 0,8 | |
II | Молодежная көшесінің бойымен, солтүстік-шығыс шекарасы Қ. Қондыбаев көшесінің бойымен, шығысында I көтерілу сорғы станциясының бойымен өтеді, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Ш. Қалдаяқов көшесі өтеді, батысында және оңтүстік-батысында Молодежная және Игілік көшелерінің бойымен | 1,05 | 1,35 | 1,05 | 0,8 | |
III | солтүстігінде Ғайса Аязбаев көшесінің бойымен, солтүстік-шығысында Қ. Қондыбаев, Ш. Қалдаяқов көшелерінің бойымен, шығысында "Ветеран-Инвестор", "Витязь", "Рябинушка" бау-бақша серіктестіктерінің бойымен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында "Звездный" бау-бақша серіктестігі бойымен, батысында Ново-Ахмирово ауылына баратын жол бойымен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін | 1,05 | 1,35 | 1,05 | 0,8 | |
Самсоновка ауылы | ||||||
I | солтүстік, одан әрі шығыс және оңтүстік бөлігінде орман саябақтарымен, батысында Тарғын және Самар ауылдарына баратын жол бойымен шектеседі | 0,9 | 1,2 | 1,05 | 0,8 | |
II | аймақтың солтүстік бөлігі Аблакетка өзені арнасының бойымен, сондай-ақ орман саябағының аумағымен, шығыс және оңтүстік бөлігі тұрғын үй құрылысы бойымен, батыс бөлігі "Мелиоратор" бау-бақша серіктестігінің бойымен және Аблакетка өзенінің бойымен өтеді | 0,9 | 1,2 | 1,05 | 0,8 | |
Прудхоз ауылы | ||||||
I | солтүстігінде тоған шаруашылығының өзі тікелей орналасқан, солтүстік-шығысында Ново-Явленка ауылының бойымен, шығысында 28-тұрғын ауданының бойымен, оңтүстігінде шаруа қожалықтарының бойымен | 1,0 | 1,15 | 0,9 | 0,8 | |
Радужное тұрғын массиві | ||||||
I | солтүстігінде қоғамдық-іскерлік құрылыс, тұрғын үй құрылысы, шығысында шекара Бобровская көшесінің бойымен өтеді, оңтүстігінде өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қойма кәсіпорындарының аумағы, батыс бөлігі орман саябақтары бойымен өтеді және Солнечное ауылымен шектеседі | 0,91 | 0,91 | 0,91 | 0,91 | |
28-тұрғын ауданы | ||||||
I | 28-тұрғын ауданының шекарасын 1, 2-ші құрылыс кезегі және 3-ші құрылыс кезегі арасын Ғайса Аязбаев атындағы көше бөледі, шығысында, оңтүстігінде және батысында шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлер бойымен | 0,91 | 0,91 | 0,91 | 0,91 | |
Комсомольское тұрғын массиві | ||||||
I | солтүстікте "Надежда" және "Урожай" бау-бақша серіктестіктерінің аумағы бойымен, шығыс бөлігінен батыс бөлігіне дейін аумақ орман саябақтарымен шектеседі | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | |
II | "Вега", "Лесовод", "Лесное", "Красинец", "Надежда", "Пенсионер", "Урожай", "Эталон", "Эдельвейс" бау-бақша серіктестіктерінің аумағы | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | |
Жыланды тұрғын массиві | ||||||
I | солтүстік және солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің бойымен, оңтүстік-шығыс бөлігі орман саябағына іргелес, оңтүстігінде "Медик-1", "Медик-2", "Медик-3" бау-бақша серіктестіктерінің бойымен, оңтүстік-батыс және бүкіл батыс бөлігі А. Куленов атындағы 16-тұрғын ауданымен шектеседі | 1,17 | 1,17 | 1,17 | 1,17 | |
