"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 164-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы (Қ.Б. Бимағамбетов):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің цифрландыру және архивтер мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "25" тамыз № 211 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 333 қаулысына 1-қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", байланыс, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, архив ісі және құжаттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, содай-ақ қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың жұмыс режимі, сондай-ақ Басқарманың әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін өзге де актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
10.Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыс бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
14. Басқарманың міндеттері:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Өкілеттіктері:
Басқару құқықтары:
1) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдардан, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
4) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізу;
6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
7) облыс аумағында Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхат негізінде облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;
9) Шығыс Қазақстан облысында цифрландырудың, ақпараттандырудың және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жетекшілік ететін салаларын дамытудың, архив істері және құжаттандырудың негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
10) "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу.
Басқарма:
1) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
2) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға және қарауға, олардың орындалуын бақылауға;
4) жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
5) мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілер қабылдауға жол бермеуге;
6) жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтауға;
7) өз құзыреті шегінде талап қоюды, талап арызды жіберуге, соттарда талапкер, жауапкер, өзге де қатысушы адам ретінде сөз сөйлеуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
9) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ
отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, "Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссиялар құруға;
10) облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Басқарманың функциялары:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) инвестицияларды тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдай жасау;
5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;
6) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
7) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын толтыруды жүзеге асыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
8) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді есепке алуды және өзектендіруді жүзеге асыру;
9) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастыру;
10) техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
11) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қолжетімділік пункттерін, оның ішінде осы қолжетімділікті ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
13) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
14) ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;
15) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен өзектендірілуін қамтамасыз ету;
16) ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
17) операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну;
18) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
19) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік ұсыну;
20) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына беру;
21) облыс шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
22) үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органмен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен байланыс құрылыстарының, байланыс желілерінің және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылыс жоспарларын әзірлеу және бекіту;
23) байланыс операторларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс операторларына тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосылулар беру үшін әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізбесін айқындау;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта операторларының өндірістік объектілері үшін тұрғын емес үй-жайлар бөлу, сондай-ақ пошта операторларына олардың аумағында өндірістік объектілерді орналастыруға жәрдемдесу;
25) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша уәкілетті органмен келісім бойынша ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіректерді салуы үшін электр жабдықтауы жүргізілген орындар ұсыну;
26) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
27) облыс аумағында "ақылды" қалаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
28) "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру;
29) облыс аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
31) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету;
32) коммуналдық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
33) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
34) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыру;
35) облыстың аумағында архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау;
36) облыс аумағындағы Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;
37) жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларының орындалуын ұйымдастыру;
38) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту;
39) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану;
40) облыстың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинау және қайтару;
41) облыс аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
42) облыс аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивін және орталық мемлекеттік архивін толықтыру көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
44) субъектілердің немесе олардың заңды өкілдерінің дербес деректердің мазмұны мен оларды өңдеу тәсілдерінің сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешімдер қабылдау;
45) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
46) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
47) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дәйексіз немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
48) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
49) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Басқармаға басшы басшылық етеді, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
18. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары болады.
20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшыларының және өзге де қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржылық құжаттамаға қол қояды;
7) бөлімдердің ережелерін бекітеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттарды береді;
10) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін сенімхатсыз білдіреді;
11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
12) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
14) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Глубокое ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Самар ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Күршім ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ұлан ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Шемонаиха ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Ақпараттық технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Марқакөл ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Үлкен Нарын ауданының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.