"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярдің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 21-19/3048 тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер беру үшін тұтыну нормалары бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "29" мамыр № 135 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ алуға ваучерлер беру үшін тұтыну нормалары
р/с № | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Жылыту маусымындағы айлық норма, м³ | Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м³ |
1 | Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы | 900 | 148 |
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
м³ – текше метр.