"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына және "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "30" сәуірдегі № 105 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
№ п/п | Газды тұтыну сипаттамасы | Тұтыну бірлігі | Газды тұтыну нормасы |
1 | Газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау | килограмм айына 1 адамға | 5,0 |
2 | Газ плитасы және газды су жылытқышы болған кезде суды жылыту (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде) | килограмм айына 1 адамға | 7,2 |
3 | Газ плитасы болған кезде және орталық ыстық сумен жабдықтау және газды су жылытқышы болмаған кезде суды жылыту | килограмм айына 1 адамға | 10,5 |
4 | Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтерлік) жылыту | килограмм айына 1 адамға | 5,0 |