Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 302 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/216-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс енгізу туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 136 қаулысы мен Катонқарағай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы № 29/329-VIII шешімінің, "Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 185 қаулысы мен Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 8/67-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Катонқарағай ауданы бойынша:

      Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Шұбарағаш ауылы таратылып, есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын;

      Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі Шұбарағаш ауылының шекарасы өзгертіле отырып, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының құрамына енгізілсін;

      Үлкен Нарын ауданы бойынша:

      Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Новохайрузовка ауылдық округінің Құндызды ауылы таратылып, есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын.

      Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Новохайрузовка ауылдық округі Құндызды ауылының шекарасы өзгертіле отырып, Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Новохайрузовка ауылдық округі Новохайрузовка ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Н. Сақтағанов
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады