Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 04 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20 шешiмi

      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Абай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы №04 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы "05" ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі шешімнің 1-ші тармақтың 2) тармақшасындағы "Ахмет Байтурсынулы" деген сөздер "Ахмет Байтұрсынұлы" деген сөздермен өзгертілсін;

      2. Қазақ тіліндегі шешімнің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылдық округі әкімі Б.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады