Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 259 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Шардара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-"Желі" дивизионы" бірлестігіне Шардара қаласынан ені 2-метр талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,4422 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдері алынсын.

      3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-"Желі" дивизионы" бірлестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шардара қаласы әкімінің орынбасары Б.Сүйетке жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі О.Айдосов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады