"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 13 тамыздағы Түркістан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі елді мекеніндегі атауы ауысатын көшеге келесі атауға өзгертілсін:
1) Мәдени ауылындағы Бәйшешек көшесіне -Көшербай Есболұлы атауы;
2. "Төлеби ауданының Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауын;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуге тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі | О.Усетаев |
