Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19, 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 06.08.2025 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №582 (№KZ27VBG01625176) бұйрығына және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – "Желі" дивизоны" бірлестігіне Ленгір қаласы, №1 мөлтек ауданы аумағынан талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін жалпы алаңы 0,1473 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкiмі | М.Жұмабаев |
