Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 26 қарашадағы № 343 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 600-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде №17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Маманов

  Созақ ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "26" қарашадағы
№343 қаулысына қосымша

Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Қ/с

Аймақ атауы

Елді мекеннің атауы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

2

3

4

1

 
Шолаққорған

Шолаққорған

1,85

2

Балдысу

1,25

3

Қарабұлақ

1,25

4

Абай

1,35

5

Созақ

Созақ

1,45

6

Көктөбе

1,45

7

Ы.Жаукебаев

1,45

8

Жартытөбе

Жартытөбе

1,45

9

Аққолтық

1,45

10

Бабаата

1,45

11

Құмкент

Құмкент

1,45

12

Қызылкөл

1,45

13

Сызған

Сызған

1,45

14

Басбұлақ

1,10

15

Қозымолдақ

1,55

16

Қайнар

1,55

17

Қаратау

Бақырлы

1,55

18

Саржаз

1,35

19

Ақсүмбе

1,45

20

Қарақұр

Қарақұр

1,45

21

Шаға

1,35

22

Раң

1,35

23

Жуантөбе

Жуантөбе

1,45

24

Шу

Шу

1,55

25

Тасты

Тасты

1,45

26

Қылти

1,00

27

Таукент

Таукент

1,60

28

Қыземшек

Қыземшек

1,60

29

Тайқоңыр

1,50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады