Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-3-бабының 1-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңының 729-бабының 2-1 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы "Созақ ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі, Созақ ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімінің аппараттары және Созақ ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері мемлекеттік мекемелерінің ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы" №214 қаулысынының 1-тармағының 14-қосымшасындағы "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда қайта бекітілсін.
2. "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына бес жұмыс күні ішінде жолдануын;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданы әкімі | М.Турысбеков |
Cозақ ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 24 шілдедегі
№208 қаулысына 1 қосымша
"Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
1) Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
3) Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, 161000, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, 5 үй.
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Созақ ауданы әкімдігі;
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаты:
1) Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы сапалы және қолжетімді қызметтер ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің динамикасын дамуына бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;
3) Мемлекеттік тіл мен басқа да этникалық топтардың тілдерін дамыту, ономастикалық жұмысты жетілдіру.
14.Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- мемлекеттік мекемеге міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұратады және алады;
- белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға тапсырмалар береді;
- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
- өз құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды;
- осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
- мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан Әкімінің нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуы туралы мекеме, ұйым, кәсіпорындардан мәліметтер мен тиісті құжаттарды талап етуге;
- өз құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды;
- осы Ережемен және заңнамалармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
- мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы негізгі бағыттарды анықтайды, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі перспективалық ағымдағы, мақсаттық бағдарламаларды өңдейді және жүзеге асырады;
- аудан әкімдігінің қаулыларын дайындауға, өз саласының аймақтық бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын калыптастыруға қатысады;
- дене шынықтыру және спорт ұйымдарына кеңестік, заңды көмек көрсетеді;
- кадр саясаты мәселелері бойынша қарамағындағы ұйымдар мен мекемелерге кеңестік көмек көрсетеді;
- дене шынықтыру мен спорт жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және басқа да оқу нысандарын ұйымдастырады;
- түрлі ведомстволар және қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын дене шынықтыру және спорттық шараларын үйлестіреді, бірыңғай іс-шаралар және жарыстар тізбесін бекітеді, оның өткізуіне басшылық етеді;
- дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен методикалық басшылықты жүзеге асырады;
- мүдделі ұйымдар мен ведомстволардың келісімі бойынша шығын мөлшерін бекітеді, дене шынықтыру және спорт шараларына қатысушыларды материалдық қамтамасыз етеді;
- ауданның құрама командаларын сапалы түрде дайындауды жүзеге асырады, аудан спортшыларын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- мүдделі ведомстволар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыс жүргізеді, ведомстволық тәуелділікке және салалық орталықтарына қарамай, спорт клубтары мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіреді;
- дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлеріне, аудан шаралары жүлдегері мен жеңімпазына бағалы сыйлықтар беру, оларды грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіпте шешеді;
- заңда белгіленген мерзімді есеп-қисаптық есеп жасап, оны белгіленген мекен жайларға тапсырады;
- келісім мен тәртіп бойынша статистика органдарынан және тиісті басқармалар мен ведомстволардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алады;
- жүктелген міндеттерін толық орындау үшін бөлім аппаратын өндірістік шаруашылық және әлеуметтік тұрмыстық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқықтарын пайдаланады.
2) міндеттері:
- Мәдениет, тіл саясаты саласындағы ұйым, мекеме жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, дене шынықтыру мен спорттық материалдық-техникалық базасын кұру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
- Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша ауданның даму жоспарын жасап, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша талдау жасайды.
- Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын реттейтін заңдардың орындалуын және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайды.
- Мәдени мекемелердің жұмысын үйлестіріп, бақылайды, аудан халқының бос уақытын тиімді өткізуге арналған мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасайды.
- Тіл туралы заңының орындалуын, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қадағалайды және ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді барынша нығайтуды жүзеге асырады.
- Мәдени мекемелердің жұмыстарына бағыт бағдар береді, ұйымдастырады, басшылық жасайды және қоғамдық бірлестіктер жұмыстарына қолдау көрсетеді;
- Тұрғындардың демалысын тиімді пайдалануға бағытталған мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырады.
- Созақ ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттерді орындайды;
- Халықаралық, аймақаралық спорт ұйымдарында, ауданның мүдделерін білдіру;
- Дене шынықтыру және спорт салаларының мүдделерін республика, облыс және аудан алдында көрсету;
- Саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа жұмыстарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт қозғалысын насихаттау;
- Дене шынықтыру және спорт салаларындағы кадрлар потенциалын талдау, оның мамандарға мұқтаждығын алдын-ала болжау, кадрларды дайындау, мамандығын жетілдіру және орынды пайдалану;
- Мүдделі ведомстволармен бірлесіп дене шынықтыру мен спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
- Мемлекеттік дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудан ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар саланың өзекті проблемаларын практикалық шешу жөніндегі поселке және ауыл әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау;
15. Функциялары:
1) мемлекеттік мекеменің функциялары:
заңда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын ауылдық, поселкелік елді мекендердің іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында енгізілген өзгерістер туралы халыққа хабарлап отыру;
мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бойынша шешімдер қабылдау;
мемлекеттік мекемелердің жұмыстарына мемлекеттік тілді және дене шынықтыруды дамыту бойынша бағыт бағдар береді;
аудан аумағындағы мәдениет, ескерткіштерін және тілдердің тарихын зерттейді ;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
2) ведомстволардың функциялары:
ақпараттық, мәдени, білім беру, дене шынықтыру және спорт функцияларын жүзеге асырады;
маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
19. "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
2) бөлімнің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретінде сәйкес дербес шешеді.
3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
5) шарттар жасасады:
6) сенімхаттар береді;
7) бөлімнің іс сапарларға, тағлымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
8) банк шоттарын ашады:
9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) бөлімнің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
12) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттік аясын айқындайды;
13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
21. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
2) "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.