"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақбай ауылы тұрғындарының пікірін, ескере отырып және Түркістан облыстық ономастик комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде,Қарасу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі, Ақбай елді мекеніне төменде көрсетілген көшелерге атау берілсін:
1) №1 көшеге – Ақдала көшесі
2) №2 көшеге – Табыс көшесі
3) №3 көшеге – Ақжол көшесі
4) №4 көшеге – Ақжайлау көшесі
5)№5 көшеге – Жеңіс көшесі
6)№6 көшеге – Өркендеу көшесі
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Мусантаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күн он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауылдық округі әкімі | А.Бурбеков |
