Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 293 шешiмi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Шұбарсу ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – Жобаларды басқару дирекциясына Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу ауылы, Қойтас көшесіне талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,0156 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары Ғ.Аманға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шұбарсу ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы М.Алдияров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады