Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Төрткүл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Оңтүстік Жарық Транзит" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Төрткүл ауылдық округі, Төрткүл елді мекенінен Шәуілдір –Төрткүл бағыты бойынша 110 кв жоғары вольтты электр беру желісін салу үшін жалпы көлемі 0,8320 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төрткүл ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Құдияровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрткүл ауылдық округі әкімі | Ө.Мұхтархан |