ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726 бабына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Ордабасы аудандық маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №13/7 "Ордабасы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Б.Джумабеков |
