Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шанақ ауылы округі, Ызабұлақ елді мекенінің атауы жоқ көшені Даулан Бұралхиев және Ақжар елді мекенінің атауы жоқ көшесіне Салыбай Садыков атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Б.Жұманов |