Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 76 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінің атауы жоқ көшесіне "Садуақас Жалданов" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі М.Умбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады