"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қабланбек ауылдық округінің шекарасына Қызылжар ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 65,8 гектар жерлерін қосу арқылы және Қызылжар ауылдық округіне Қабланбек ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 37,79 гектар жерлерін беру арқылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 5427,85 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Қызылжар ауылдық округінің шекарасына Қабланбек ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 37,79 гектар жерлерін қосу арқылы және Қабланбек ауылдық округіне Қызылжар ауылдық округінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 65,8 гектар жерлерін беру арқылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 23056,48 гектар шекарасында белгіленсін
3. Осы бірлескен Түркістан облысының әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Көшеров |
Облыстық мәслихат төрағасы | Н.Әбішов |