БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, лотерея операторының Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүргізу;";
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Комитетті қайта құру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. "Құмар ойындар мониторингі және талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереясын реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
Б. Рапиков |
