БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11437 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасында:
"Спорттық жарыстар" 1-бөлімде:
"Республикалық жарыстар" 2-кіші бөлімде:
2.1.1-тармағы алып тасталсын;
"Өңірлік жарыстар" 3-кіші бөлімде:
3.1.1-тармағы алып тасталсын;
"Қалалық және аудандық жарыстар" 4-кіші бөлімде:
4.1.1-тармағы алып тасталсын;
"Оқу-жаттығу жиындары" 2-бөлімде:
1.1, 1.2 және 1.3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"
1.1 Дүниежүзілік, Еуропалық, Азиялық, Олимпиадалық, Азиялық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Жағажай ойындары мен кешенді жарыстарға дайындық бойынша спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындары |
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді. |
1.2. Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Универсиадаға, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, оның ішінде паралимпиадалық спорт түрлерінен даярлау бойынша спорт түрлері бойынша ұлттық командалардың оқу-жаттығу жиындары |
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес. |
1.3. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша спорт түрлерінен спорт түрлері бойынша ұлттық командалардың арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене даярлығы, техника-тактикалық дайындық, арнайы дене даярлығы, спортшылардың жай-күйін тексеру, қалпына келтіру үшін) |
18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді. |
";
2.4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"
2.4. Республикалық жарыстарға, турнирлерге, біріншіліктерге даярлау бойынша спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының оқу-жаттығу жиындары |
Жалпы дене даярлығы, арнайы дене даярлығы және техника-тактикалық дайындығы – 18 күнтізбелік күнге дейін; спортшылардын жай-күйін тексеру үшін – 7 күнтізбелік күнге дейін; қалпына келтіру – 12 күнтізбелік күнге дейін. |
".
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш күн ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысы |
С. Жарасбаев |