ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 11-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Жекелеген тауар түрлерінің экспортына (әкетуге) қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылсын.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің аумағына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрлерін және 2-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлерін, 3-қосымшаға сәйкес авиациялық өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібі (бұдан әрі – рұқсат беру тәртібі) белгіленсін және осы бұйрықтың 1,4,5,6-тармақтарына сәйкес берілген рұқсаттар болған жағдайда жүзеге асырылсын.
3. Рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға:
1) және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың (СТ - KZ) түпнұсқасы немесе қазақстандық өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме болған кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығатын;
2) СТ - 1 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және әкелуді жүзеге асыруға негіз болған құжаттар болған кезде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылған және бұрын Қазақстан Республикасына әкелінген;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32759 болып тіркелген) бекітілген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларымен көзделген Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті берген лицензия болған кездегі;
4) "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінде белгіленген нормалар шегінде жеке тұлғалардың алып жүретін багажындағы жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.
4. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
5. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
6. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әкетуге рұқсат беру арқылы іске асырады.
7. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құзыреті шеңберінде осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) пилоттық жобаның іске асырылуының ай сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Қаржы және Көлік вице-министрлеріне жүктелсін.
11. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және бір жыл бойы қолданыста болады.
| Бірлескен бұйрыққа 1-қосымша |
Өнеркәсіптік мақсаттағы тауарлардың жекелеген түрлері
Р/с № | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Тауардың атауы |
1. | 7308 90 510 0 | — — — оқшаулағыш толтырғышы бар гофрленген (қырлы) парақтан жасалған екі қабырғадан тұратын панельдер |
2. | 7308 90 590 0 | — — — өзгелері |
3. | 7308 90 980 1 | — — — суағарлар, шлюздер, шлюз қақпалары, дебаркадерлер, стационарлық доктар мен теңіз және құрлық құрылыстарына арналған басқа да құрылымдыр |
4. | 7308 90 980 9 | — — — өзгелері |
5. | 8421 23 000 0 | — — майды немесе жанармайды іштен жану қозғалтқыштарында сүзу үшін |
6. | 8421 29 000 1 | — — — медицина өнеркәсібіне арналған |
7. | 8421 29 000 3 | — — — — мұнайды тазартуға арналған сепараторлар |
8. | 8421 29 000 9 | — — — — өзгелері |
9. | 8421 39 200 1 | — — — — иіру өндірісінің қалдықтарын жинай отырып |
10. | 8421 39 200 8 | — — — — өзгелері |
11. | 8421 39 610 0 | — — — — каталитикалық процесс арқылы |
12. | 8421 39 800 2 | — — — — — мұнай газдарын тазартуға арналған сепараторлар, мұнай газдарын, сол сияқты мұнайды тазартуға арналған сепараторлар |
13. | 8421 39 800 6 | — — — — — өзгелері |
14. | 8421 99 000 3 | — — — медициналық өнеркәсіпке арналған сұйықтықтарды немесе газды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен құрылғылар |
15. | 8421 99 000 4 | — — — 8701 – 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған сұйықтықтарды немесе газды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен құрылғылар5) |
16. | 8466 93 300 0 | — — — 8456 50 000 0 қосалқы позициясының машиналарына |
17. | 8479 10 000 0 | — қоғамдық жұмыстарға, құрылысқа немесе басқа да осыған ұқсас жұмыстарға арналған жабдықтар |
18. | 8479 82 000 0 | — — қосуға, араластыруға, уатуға, ұнтақтауға, елеуге, електен өткізуге, ұсатуға, эмульгирлеуге немесе араластыруға арналған |
19. | 8479 89 300 0 | — — — гидравликалық жетегі бар ауыспалы шахта крепі |
20. | 8479 89 600 1 | — — — — 84395 тауар позициясының жабдықтары үшін) |
21. | 8479 89 600 9 | — — — — өзгелері |
22. | 8479 89 970 7 | — — — — өзгелері |
23. | 8481 80 110 0 | — — — араластырғыш арматура |
24. | 8481 80 190 0 | — — — өзгелері |
25. | 8481 80 310 0 | — — — термостатикалық арматура |
26. | 8481 80 390 0 | — — — өзгелері |
27. | 8481 80 400 0 | — — пневматикалық шиналар мен камераларға арналған арматура |
28. | 8481 80 510 0 | — — — — температураны реттегіштер |
29. | 8481 80 591 0 | — — — — — қысымды реттегіштер |
30. | 8481 80 599 0 | — — — — — өзгелері |
31. | 8481 80 610 0 | — — — — — шойыннан құйылған |
32. | 8481 80 631 0 | — — — — — — айналадағы ауаның температурасы – 40оС және одан төмен, қысымы 16 Па және одан жоғары, күкіртті сутегі (H2S) бар ортада жұмыс істеуге арналған2) |
33. | 8481 80 632 0 | — — — — — — айналадағы ауаның температурасы – – 55оС және одан төмен, қысымы 80 Па және одан жоғары болған кезде жұмыс істеуге арналған 2) |
34. | 8481 80 639 0 | — — — — — — өзгелері |
35. | 8481 80 690 0 | — — — — — өзгелері |
36. | 8481 80 710 0 | — — — — — шойыннан құйылған |
37. | 8481 80 731 0 | — — — — — — айналадағы ауаның температурасы – 40оС және одан төмен, қысымы 16 Па және одан жоғары, күкіртті сутегі (H2S) бар ортада жұмыс істеуге арналған2) |
38. | 8481 80 732 0 | — — — — — — айналадағы ауаның температурасы – – 55оС және одан төмен, қысымы 80 Па және одан жоғары болған кезде жұмыс істеуге арналған 2) |
39. | 8481 80 739 1 | — — — — — — — 8701 – 8705 -тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған5) |
40. | 8481 80 739 9 | — — — — — — — өзгелері |
41. | 8481 80 790 0 | — — — — — өзгелері |
42. | 8481 80 811 0 | — — — — — айналадағы ауаның температурасы – 40оС және одан төмен, қысымы 16 Па және одан жоғары, күкіртті сутегі (H2S) бар ортада жұмыс істеуге арналған2) |
43. | 8481 80 812 0 | — — — — — айналадағы ауаның температурасы – – 55оС және одан төмен, қысымы 80 Па және одан жоғары болған кезде жұмыс істеуге арналған 2) |
44. | 8481 80 819 9 | — — — — — — өзгелері |
45. | 8481 80 850 1 | — — — — — айналадағы ауаның температурасы – 40оС және одан төмен, қысымы 16 Па және одан жоғары, күкіртті сутегі (H2S) бар ортада жұмыс істеуге арналған2)) |
46. | 8481 80 850 2 | — — — — — айналадағы ауаның температурасы – – 55оС және одан төмен, қысымы 80 Па және одан жоғары болған кезде жұмыс істеуге арналған 2) |
47. | 8481 80 850 8 | — — — — — — өзгелері |
48. | 8481 80 870 0 | — — — — мембраналы арматура |
49. | 8481 80 990 3 | — — — — — — мотор отыны ретінде табиғи газды пайдаланатын көлік құралдарына орнатуға арналған5) |
50. | 8481 80 990 7 | — — — — — — өзгелері |
51. | 8502 20 200 0 | — — номиналды шығу қуаты 7,5 КВа-дан аспайтын |
52. | 8502 20 400 0 | — — номиналды шығу қуаты 7,5 КВа-дан жоғары, бірақ 375 КВа-дан аспайтын |
53. | 8502 20 600 0 | — — номиналды шығу қуаты 375 КВа-дан жоғары, бірақ 750 КВа-дан аспайтын |
54. | 8502 20 800 0 | — — номиналды шығу қуаты 750 КВа-дан жоғары |
55. | 8504 40 300 8 | — — — — өзгелері |
56. | 8504 40 550 0 | — — — аккумуляторларды зарядтауға арналған құрылғылар |
57. | 8504 40 830 0 | — — — — тіктегіштер |
58. | 8504 40 910 0 | — — — — өзгелері |
59. | 8529 90 101 1 | — — — — 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсiптiк құрастыруға арналған 8524 11 001 1, 8524 12 001 1, 8524 19 001 1, 8524 91 001 1, 8524 92 001 1, 8524 99 001 1 кіші қосалқы позицияларының модульдері үшін5) |
60. | 8529 90 101 2 | — — — — 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсiптiк құрастыруға арналған 8524 11 001 2, 8524 12 001 2, 8524 19 001 2, 8524 91 001 2, 8524 92 001 2, 8524 99 001 2 кіші қосалқы позицияларының модульдері үшін5) |
61. | 8529 90 101 5 | — — — — 8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсiптiк құрастыруға арналған 8524 11 001 5, 8524 12 001 5, 8524 19 001 5, 8524 91 001 5, 8524 92 001 5, 8524 99 001 5 кіші қосалқы позицияларының модульдері үшін5) |
62. | 8536 69 900 8 | — — — — өзгелері |
63. | 8536 90 010 0 | — — электр тізбектеріне арналып алдын ала құрастырылған элементтер |
64. | 8536 90 100 0 | — — сымдар мен кәбілдерге арналған жалғағыштар мен түйіспелі элементтер |
65. | 8536 90 200 0 | — — жартылай өткізгіш пластиналарды тексеруге арналған зондтар |
66. | 8536 90 850 0 | — — өзгелері |
Ескертпе. *Осы қосымшаның мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет. Тауарлардың атаулары тек пайдалану ыңғайлылығы үшін келтірілген.
| Бірлескен бұйрыққа | |
| 2-қосымша |
Телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлері
Р/с № | ЕАЭО СЭҚ ТН коды* | Тауардың атауы |
1. | 8471 50 000 0 | — 8471 41 немесе 8471 49 қосалқы позицияларында сипатталғандардан өзгеше, бiр корпуста мынадай құрылғылардың есте сақтау құрылғысының, енгiзу құрылғысының, шығару құрылғысының бipeуi немесе екеуi болатын деректер өңдеу блоктары |
2. | 8486 10 000 1 | — — лазерліктен басқа, жарық немесе фотонды сәулелену процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтіндер |
3. | 8486 10 000 9 | — — өзгелері |
4. | 8486 20 100 0 | — — ультрадыбыс процестерін пайдалана отырып жұмыс істейтін станоктар |
5. | 8486 20 900 9 | — — — өзгелері |
6. | 8486 40 000 1 | — — жартылайөткізгіш құрылғыларда суреттердің маскілері мен фотошаблондарын жасауға немесе қайта қалпына келтіруге фокустелген иондық сәулені пайдаланатын фрезерлік станоктар |
7. | 8486 40 000 2 | — — сурет шығаратын, фоторезистпен қапталған астарлардан маскілер мен фотошаблондар жасауда пайдаланылатын фотокамералар |
8. | 8486 40 000 3 | — — сурет шығаратын, фоторезистпен қапталған астарлардан маскілер мен фотошаблондар жасауда пайдаланылатын белгі салғыш аспаптар |
9. | 8486 40 000 9 | — — өзгелері |
10. | 8517 62 000 3 | — — — — өзгелері |
11. | 8517 62 000 9 | — — — өзгелері |
12. | 8517 69 100 0 | — — — бейнетелефондар |
13. | 8517 69 200 0 | — — — домофондар |
14. | 8517 69 310 0 | — — — — шақыру сигналдарын немесе пейджингтік хабарларды қабылдауға арналған портативті қабылдағыштар |
15. | 8517 69 390 0 | — — — — өзгелері |
16. | 8517 69 900 0 | — — — өзгелері |
17. | 8525 89 110 0 | — — — — үш немесе одан көп таратқыш тұтқалары бар |
18. | 8525 89 190 0 | — — — — өзгелері |
19. | 8525 89 300 0 | — — — цифрлық камералар |
20. | 8525 89 910 1 | — — — — — таспаның ені 1,3 см-ден аспайтын бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген, сол корпуста телевизиялық тарату камерасы бар, таспаның қозғалыс жылдамдығы 50 мм/с-тан аспайтын жазуды немесе жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілетті, магниттік таспада бейне жазатын немесе бейнені жаңғыртатын аппаратура |
21. | 8525 89 910 9 | — — — — — өзгелері |
22. | 8525 89 990 0 | — — — — өзгелері |
23. | 8526 91 800 0 | — — — өзгелері |
24. | 8529 90 101 4 | — — — — 8524 11 001 4, 8524 12 001 4, 8524 19 001 4, 8524 91 001 4, 8524 92 001 4, 8524 99 001 4 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
25. | 8529 90 101 6 | — — — — 8524 11 001 6, 8524 12 001 6, 8524 19 001 6, 8524 91 001 6, 8524 92 001 6, 8524 99 001 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
26. | 8529 90 101 7 | — — — — 8524 11 001 7, 8524 12 001 7, 8524 19 001 7, 8524 91 001 7, 8524 92 001 7, 8524 99 001 7 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
27. | 8529 90 101 9 | — — — — 8524 11 001 9, 8524 12 001 9, 8524 19 001 9, 8524 91 001 9, 8524 92 001 9, 8524 99 001 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
28. | 8529 90 102 3 | — — — — 8524 11 002 3, 8524 12 002 3, 8524 19 002 3, 8524 91 002 3, 8524 92 002 3, 8524 99 002 3 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
29. | 8529 90 102 7 | — — — — 8524 11 002 7, 8524 12 002 7, 8524 19 002 7, 8524 91 002 7, 8524 92 002 7, 8524 99 002 7 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
30. | 8529 90 102 9 | — — — — 8524 11 002 9, 8524 12 002 9, 8524 19 002 9, 8524 91 002 9, 8524 92 002 9, 8524 99 002 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
31. | 8529 90 103 5 | — — — — 8524 11 003 5, 8524 12 003 5, 8524 19 003 5, 8524 91 003 5, 8524 92 003 5, 8524 99 003 5 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
32. | 8529 90 103 9 | — — — — 8524 11 003 9, 8524 12 003 9, 8524 19 003 9, 8524 91 003 9, 8524 92 003 9, 8524 99 003 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
33. | 8529 90 104 6 | — — — — 8524 11 004 6, 8524 12 004 6, 8524 19 004 6, 8524 91 004 6, 8524 92 004 6, 8524 99 004 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
34. | 8529 90 104 9 | — — — — 8524 11 004 9, 8524 12 004 9, 8524 19 004 9, 8524 91 004 9, 8524 92 004 9, 8524 99 004 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
35. | 8529 90 105 6 | — — — — 8524 11 005 6, 8524 12 005 6, 8524 19 005 6, 8524 91 005 6, 8524 92 005 6, 8524 99 005 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
36. | 8529 90 105 9 | — — — — 8524 11 005 9, 8524 12 005 9, 8524 19 005 9, 8524 91 005 9, 8524 92 005 9, 8524 99 005 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
37. | 8529 90 106 9 | — — — — 8524 11 006 9, 8524 12 006 9, 8524 19 006 9, 8524 91 006 9, 8524 92 006 9, 8524 99 006 9 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
38. | 8529 90 107 2 | — — — — 8524 11 007 2, 8524 12 007 2, 8524 19 007 2, 8524 91 007 2, 8524 92 007 2, 8524 99 007 2 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
39. | 8529 90 107 4 | — — — — 8524 11 007 4, 8524 12 007 4, 8524 19 007 4, 8524 91 007 4, 8524 92 007 4, 8524 99 007 4 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
40. | 8529 90 107 6 | — — — — 8524 11 007 6, 8524 12 007 6, 8524 19 007 6, 8524 91 007 6, 8524 92 007 6, 8524 99 007 6 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
41. | 8529 90 109 0 | — — — 8524 11 009 0, 8524 12 009 0, 8524 19 009 0, 8524 91 009 0, 8524 92 009 0, 8524 99 009 0 кіші қосалқы позициясының модульдеріне арналған |
42. | 8529 90 200 2 | — — — — 8525 60 000 1, 8525 60 000 9, 8525 81 300 0, 8525 82 300 0, 8525 83 300 0 және 8525 89 300 0 позициялары аппаратурасының бөліктері |
43. | 8529 90 200 8 | — — — — өзгелері |
44. | 8529 90 650 8 | — — — — — өзгелері |
45. | 8529 90 960 0 | — — — — — өзгелері |
46. | 8534 00 190 0 | — — өзгелері |
47. | 8536 69 100 0 | — — — коаксиалды кабельдер үшін |
48. | 8536 69 300 0 | — — — баспа схемалары үшін |
49. | 8541 10 000 9 | — — өзгелері |
50. | 8541 21 000 0 | — — шашырату қуаты 1 Вт-тан кем |
51. | 8541 29 000 0 | — — өзгелері |
52. | 8541 30 000 9 | — — өзгелері |
53. | 8541 49 000 0 | — — өзгелері |
54. | 8541 51 000 0 | — — жартылай өткізгіштер негізіндегі түрлендіргіштер |
55. | 8541 59 000 0 | — — өзгелері |
56. | 8542 31 100 9 | — — — — өзгелері |
57. | 8542 31 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
58. | 8542 31 909 0 | — — — — өзгелері |
59. | 8542 32 100 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iii) ескертпеде аталған тауарлар |
60. | 8542 32 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
61. | 8542 32 750 0 | — — — — — өзгелері |
62. | 8542 32 900 0 | — — — — өзге де есте сақтау құрылғылары |
63. | 8542 33 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
64. | 8542 33 900 0 | — — — өзгелері |
65. | 8542 39 100 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iii) ескертпеде аталған тауарлар |
66. | 8542 39 300 0 | — — — осы топқа 12 (б) (iv) ескертпеде аталған тауарлар |
67. | 8542 39 901 0 | — — — — монолитті интегралды схемалар |
68. | 8542 39 909 0 | — — — — өзгелері |
69. | 8543 20 000 0 | — сигнал генераторлары |
70. | 8548 00 900 0 | — өзгелері |
71. | 9014 80 000 0 | — өзге аспаптар мен құралдар |
72. | 9014 20 200 9 | — — — өзгелері |
73. | 9014 20 800 9 | — — — өзгелері |
74. | 9030 20 100 0 | — — электронды-сәулелік |
75. | 9030 20 300 9 | — — — өзгелері |
76. | 9030 20 910 0 | — — — электронды |
77. | 9030 20 990 0 | — — — өзгелері |
78. | 9030 32 000 9 | — — — өзгелері |
79. | 9030 39 000 9 | — — — өзгелері |
Ескертпе. *Осы қосымшаның мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет. Тауарлардың атаулары тек пайдалану ыңғайлылығы үшін келтірілген.
| Бірлескен бұйрыққа 3-қосымша |
Авиациалық мақсаттағы тауарлардың жекелеген түрлері
Ескертпе. *Осы қосымшаның мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын басшылыққа алу қажет. Тауарлардың атаулары тек пайдалану ыңғайлылығы үшін келтірілген.
| Бірлескен бұйрыққа № 4-қосымша |
Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тауарлар – бұған дейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген және Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге әкетілетін, осы бірлескен бұйрыққа 1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілетін тауарлар;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);
3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер, байланыс саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) көлік саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
9) көрсетілетін қызметті беруші – жекелеген тауар түрлерінің экспортына (әкетуге) қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсететін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган, көлік саласындағы уәкілетті орган.
3. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
4. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ол қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
2-тарау. Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру тәртібі
5. Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге тауарларды әкету уәкілетті органдар көрсетілетін қызметті алушыларға беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге тауарларды әкетуге рұқсат алу үшін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбенің 1)-5), 7)-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға Өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбенің 1)-5), 7)-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшада көрсетілген тауарлар бойынша көрсетілетін қызметті алушылар көлік саласындағы уәкілетті органға Өтінішті және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбенің 1)-4), 6), 7)-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 5), 6), 7)-тармақшаларында көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде ресімдейді және оны өтініш берушіге жолдайды, ол өтініш берушінің жеке кабинетінде және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның "КЕДЕН" ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
8. Тауарларды әкетуге рұқсат беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
9. Рұқсат беруге өтініш түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші:
1) өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтінішін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы мен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және талдайды;
3) 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат (немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту) жобасын әзірлейді, келіседі және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі (рұқсат не дәлелді бас тарту) өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады.
10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
11. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім көрсетілетін қызмет берушімен мынадай жағдайларда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда және (немесе) олардың құрамындағы деректерде (мәліметтерде) шындыққа сай келмейтін ақпараттың анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін, шектеулі қолжетімділіктегі жеке деректерге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;
4) осы Қағидаларда көзделген талаптардың сақталмауы;
5) рұқсат беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
6) тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың болмауы немесе шыққан елі Ұлыбритания, АҚШ, Еуропалық Одақ болуы (осы бірлескен Бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген тауарлар үшін);
7) эксплуатант сертификатының болмауы (осы бірлескен Бұйрықтың 3-қосымшасында көрсетілген тауарларға қатысты).
12. Берілген рұқсаттарға, оның ішінде техникалық сипаттағы өзгерістерді енгізуге жол берілмейді.
13. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда, өтініш беруші берілген рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерістерді растайтын өтініш пен сканерленген құжаттарды, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың орындалуы туралы мәліметтерді қоса бере отырып, жаңа рұқсатты ресімдеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
14. Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай жағдайларда рәсімделеді:
а) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша;
б) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатта (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) мәліметтер өзгертілген жағдайда;
в) құжаттарда анық емес мәліметтердің анықталуы;
г) рұқсат беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысының тоқтатылуы;
д) рұқсатты беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезіндегі бұзушылықтар;
е) рұқсатты беру кезінде белгіленген тәртіп сақталған жағдайда берілмеуге тиіс рұқсаттың берілуіне әкеп соққан, жол берілген бұзушылықтардың анықталуы;
ж) сот шешімінің болуы.
15. Рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінің және "КЕДЕН" ақпараттық жүйесінің сыртқы порталына рұқсатты тоқтатудың қол қойылған үлгісін жібереді және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетеді, сондай-ақ рұқсаттың мәртебесі "тоқтатылды" болып өзгереді.
16. Тауарларды әкетуге рұқсат алған көрсетілетін қызметті алушылар рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде рұқсатты берген көрсетілетін қызметті берушіге тауарларды әкетуге арналған рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша |
"Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
| Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына өтініш
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. электрондық цифрлық қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына өтініш жобасын көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
| "Тауарлардың жекелеген | |
| түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат
Уәкілетті орган | ||
1. № рұқсат | 2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін | |
3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ | 4. _______ № _______ келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы |
18. Көліктік қолтаңба | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ||
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Ескертпе. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасын көрсетілетін қызметті беруші Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.
ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.
СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
| "Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Уәкілетті органның ресми бланкі
Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес рұқсаттың қолданылуын келесі негіздер бойынша тоқтады:___________ негіздемелер
Уәкілетті тұлғаның қолы
| "Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беру қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Уәкілетті органның ресми бланкі
Дәлелді бас тарту
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, ________ жылғы № ________
Сіздің өтінішінізді келесіні, мынаны хабарлайды: ______________ негіздемелер
Көліктік қолтаңба
