Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 355 "Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 146 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына, Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 4 маусымдағы № 209-VIII "Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы № 535-VI "Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтерімен келісу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №355 "Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4816 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 24 маусымдағы
№ 146 қаулысына қосымша
  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 355 қаулысымен бекітілген

Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері

Маршруттар атауы

1 жолаушыға тариф (теңге)

1

Құрманғазы ауылішілік

50

2

Құрманғазы ауылы – Шортанбай ауылы

500

3

Құрманғазы ауылы – Ақкөл ауылы

200

4

Аққөл ауылы – Қиғаш ауылы

300

5

Құрманғазы ауылы – Сүйіндік ауылы

1800

6

Құрманғазы ауылы – Балқұдық ауылы

1800

7

Құрманғазы ауылы – Алға ауылы

100

8

Құрманғазы ауылы – Бөкейхан ауылы

400

9

Құрманғазы ауылы – Кудряшов ауылы

350


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады