"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-3 бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 ""Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
қосымша 15-1 тармақпен толықтырылып, төмендегідей мазмұндалсын:
"15-1. Маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
| Аудан әкімі | А. Жангалиев |
