"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының, 2)-тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңының 18-бабының 7) және 8)-тармақшаларына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
2. Мыналар:
1) "Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) жетекшілік ететін уәкілетті орган болып;
2) Кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны "Қауіпсіз қалдықтарды жинау" (ЭҚЖЖ-38.11.0), "Жинастыру бойынша өзге де қызмет, оның ішінде; көше сыпыру, қар мен мұзды жинастыру" (ЭҚЖЖ-81.29.0), "Аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет" (ЭҚЖЖ-81.30.0) қызметі аясында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. "Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. "Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Уразгалиевке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Нсанбаев |
| Индер аудандық әкімдігінің 2025 жылғы "03" қыркүйектегі № 171 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. "Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2. Кәсіпорын Индер аудандық әкімдігінің 2025 жылғы "03" қыркүйектегі № 171 қаулысына сәйкес құрылды.
3. Индер аудандық әкімдігі Кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Индер аудандық әкімдігі (бұдан әрі-Құрылтайшы) жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган "Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
6. Кәсіпорынның атауы: "Атырау облысы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Индер Сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Қысқаша атауы: "Индер Сервис" ШЖҚ КМК;
7. Кәсіпорынның орналасқан жері, оның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, №30 үй.
2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер мен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорынның қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Кәсіпорын қызметінің негізгі мағынасы Индер ауданының елді мекендеріне "Қауіпсіз қалдықтарды жинау" (ЭҚЖЖ-38.11.0), "Жинастыру бойынша өзге де қызмет, оның ішінде: көше сыпыру, қар мен мұзды жинастыру" (ЭҚЖЖ-81.29.0), "Аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет" (ЭҚЖЖ-81.30.0) қызметтерін жүргізу.
12. Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою, Жинастыру бойынша өзге де қызмет және Аумақтарды абаттандыру бойынша қызметін жүзеге асыру болып табылады.
13. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) Қауіпсіз қалдықтарды жинау, оның ішінде:
- тұрмыстық қатты қоқысқа арналған алаңшалардың айналасын арнайы техникалармен тазарту қызметтерін, топырақпен тегістеу қызметтерін жүргізу;
- аудан көлеміндегі барлық стихийлық, қордаланған қоқыс қалдықтарын тазарту, жою қызметтері;
- аудан көлеміндегі тұрмыстық қатты қоқыс салынатын жәшіктердегі шабылған ағаштардан, металл сынықтарынан, құрылыс материалдарынан, тұрмыстық-техникалық қоқыс қалдықтарынан тазалау қызметтерін жүргізу және жиналған қоқысты арнайы орынға (полигонға) тасымалдау;
- саябақтың, көшелердің, алаңдар мен әлеуметтік нысандардың жанындағы қоқыс жәшіктерін көшелердің ұрналар, контейнерлер мен қоқыс алаңшаларын уақытылы дезинфекциялау; (ұқсас қызметтерді біріктіру)
- қоқыс алаңшаларының қоршауларын, контейнерлер мен ұрналардың майысқан (сынған) жерлерін түзету, қалыпқа келтіру қызметтері. Қажет болған жағдайда жаңарту, сырлау қызметтері. (ұқсас қызметтерді біріктіру)
- аудан бойынша барлық асфальтталған және асфальтталмаған көшелердің екі жағынан (50 метр аумағындағы) арам шөптерді шабу және кездейсоқ ластанған қоқыстан тазарту;
- қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын (полигон) күтіп ұстау, жолын тазалау.
2) Жинастыру бойынша өзге де қызмет, оның ішінде:
- жауын-шашында (жаңбыр, қар) ауа-райының қолайсыз кезінде жедел жұмыс тобы (оперативная рабочая группа) кент аумағында (көшелерде, көп қабатты үйлердің аулалары, ойын алаңдары, саябақтар) жиналған суларды сору, құрғату, қарды уақытылы тазарту, арнайы орынға шығару қызметтерін орындау;
- халық көп шоғырланатын демалыс орындарын, отырғыштарды сырлау, сынған жағдайда қалпына келтіру, қоқыстан тазалау.
3) Аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет, оның ішінде:
- көшедегі талдарды кесу, залалсыздандыру және көгалдандыру, суару жұмыстарымен айналысу;
- көше бойларын абаттандыру; (ұқсас қызметтерді біріктіру)
- бүлінген жаяу жүргінші жолдарының тас төсемдерін қалыпқа келтіру, көше бойындағы бардюр тастарын өтеу;
- саябақтар, ойын алаңдары, көше бойындағы қоршауларды сырлау, күтіп ұстау жұмыстары, бүлінген жағдайда жаңадан ауыстыру.
14. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
15. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзіретін бұза отырып, жасалған мәмілесі Тиісті саланың уәкілетті органының немесе Құрылтайшының не прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Кәсіпорынды басқару
16. Құрылтайшы:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдерін құру туралы шешім қабылдайды;
5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, сенімгерлік басқаруға беружәне жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
17. Тиісті саланың уәкілетті органы:
1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
2) Кәсіпорынның даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
3) Кәсіпорынның даму жоспарынның орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
4) Кәсіпорын басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
7) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
8) Кәсіпорын, басшысының, оның орынбасарының, бас аға бухгалтерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;
9) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып табылады.
19. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодекісіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.
20. Басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Заңнамамен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді, егер Заңнамалық актілермен және осы Жарғысымен өзгеше белгіленбесе.
21. Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді,
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді:
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодекісіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
8) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін Тиісті саланың уәкілетті оргынына кандидатуралар ұсынады;
9) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;
10) жеке жауаптылықта болады:
- қаржы -шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін;
- таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы бюджетке аудармағаны үшін;
- Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелері және тиімділігі үшін;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануда және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін.
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
22. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен Кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
5. Кәсіпорынның мүлкі
23. Кәсіпорынның мүлкін, құны оны теңгерімінде көрсетілген Кәсіпорынның активтері құрайды.
24. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
25. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктен;
2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған (ақшалай табыстарды қоса алғанда) мүліктен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен тыйым салынбаған өзге де көздерінің есебінен қалыптастырылады.
26. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
27. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғымен өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
28. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттары немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
29. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Құрылтайшының шешімі мен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты Құрылтайшы оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
30. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
31. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабында көзделген жағдайларға тоқтатылады.
32. Кәсіпорын Құрылтайшының жазбаша келісімімен Тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мыналарға:
1) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына билік етуге; 2) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;
3) қарыз беруге;
4) дебиторлық берешекті есептен шығаруға құқылы.
33. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
34. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе Құрылтайшымен өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 32 және 33-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
35. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
36. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
37. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
38. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген, қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
39. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 295 455 990 (екі жүз тоқсан бес миллион төрт жүз елу бес мың тоғыз жүз тоқсан) теңге 78 тиынды құрайды.
Жарғылық капиталды Құрылтайшы Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезінде толық қалыптастыруы тиіс.
8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
40. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің Тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
9. Кәсіпорынның жауапкершілігі
42. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
43. Құрылтайшының немесе тиісті саланың уәкілетті органының іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдай болса, бұл жағдайда мемлекет Кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауап береді.
10. Кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу
44. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін тиісті саланың уәкілетті органыны жыл сайын белгілейді.
45. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындалады.
46. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін Тиісті саланың уәкілетті органыны белгілейді.
11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
47. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
48. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
49. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
50. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
51. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
52. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Құрылтайшы енгізеді.
