"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Атырау облысы жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамызындағы № 2 және № 3 қорытындысына сәйкес, Мұқыр ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округіндегі көшелерге "Бабатай Бабашев", "Тұрлыбай Құттыбаев", "Орынғали Өтепов", "Жұмағали Жаманғараев" есімдері берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Округ әкімі | А. Жақсиев |
