Қызылқоға ауданы Миялы ауылы азаматтарының жекелеген санаттарына ауылдық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 247 қаулысы және Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 35-4 бірлескен шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 20-бабы 1-тармағы 4,6-тармақшаларына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылқоға ауданы Миялы ауылы қоғамдық көліктеріне, азаматтардың келесі санаттарына ауылішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:

      1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      3) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2. Қызылқоға ауданы Миялы ауылы қоғамдық көліктеріне, азаматтардың келесі санаттарына ауылішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:

      1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;

      2) 15 пен 18 жасқа дейінгі адамдар.

      3. Әлеуметтік маңызы бар ауылішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында (таксиден басқа) адамдардың жекелеген санаттары үшін тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, белгіленген жеңілдіктерді қаржыландыру облыстық бюджеттен қарастырылсын.

      4. Осы бірлескен Қызылқоға ауданының әкімдігі қаулыcы мен Қызылқоға аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Иғали
      Аудандық мәслихат төрағасы Т. Бейсқали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады