"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде және Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне:
1) Ақсай ауылында:
№ 1 көшеге – Бабашев Зубайр көшесі;
2) "Жұлдыз -3" шағын ауданында:
№ 4 көшеге – Бақтыгереев Арыстанғали көшесі деп атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қайыршақты ауылдық округінің әкімі | Р. Жолдиев |
