"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Дамбы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің келесідей көшелеріне қайта атау берілсін:
1) Дамбы ауылының "Көкарна" көшесі - "Салық Нәбиев" көшесі;
2) Амангелді ауылының "Жангелдин" көшесі - "Құспан Қадыралиев" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Дамбы ауылдық округі әкімі | Т. Аубакиров |
