"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | М. Мурзиев |
Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "22" шілде № 157 қаулысына қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "22" шілде № 157 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Осы Атырау облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Атырау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Атырау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін - 1,3;
100 000 данаға дейін - 1,15;
50 000 данаға дейін - 1;
30 000 данаға дейін - 0,9;
20 000 данаға дейін - 0,8;
10 000 данаға дейін - 0,65;
5 000 данаға дейін - 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін - 1,2;
10 000 данаға дейін - 1,1;
8 000 данаға дейін - 1;
5 000 данаға дейін - 0,9;
3 000 данаға дейін - 0,8;
1 000 данаға дейін - 0,7.
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін - 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін - 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін - 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса - 1,4.
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Атырау облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша |
Атырау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№ | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | 2025 жыл (теңге) | 2026 жыл (теңге) | 2027 және одан кейінгі жылдар (теңге) |
1 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 700 | 700 | 700 |
2 | Атырау облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 250 | 250 | 250 |
3 | Атырау облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm) | шаршы сантиметр | 203 | 203 | 203 |
4 | Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi) | таңба | 90 | 90 | 90 |
5 | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 500 000 | 500 000 | 500 000 |
6 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 60 000 | 60 000 | 60 000 |
7 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды тақырыптық хабарлар, деректі фильмдер, ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 50 000 | 50 000 | 50 000 |
8 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру) (Btv) | секунд | 5 000 | 5 000 | 5 000 |
9 | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Атырау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Btv) | секунд | 300 | 300 | 300 |
10 | Атырау облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br) | секунд | 225 | 225 | 225 |