Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мүйізді ірі қара малының аурулары: пироплазмоз.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |