Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 148 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және балық шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік орган болып табылады.";

      12-тармақ келесі мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) балық аулайтын және оны қайта өңдейтін ұйымдарға өндірістік базаны дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету;

      11) басқармаға жүктелген өкілеттік шеңберінде балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.".

      14-тармақ келесі редакциядағы 99-1),99-2), 99-3), 99-4), 99-5), 99-6), 99-7),99-8), 99-9), 99-10), 99-11), 99-12), 99-13), 99-14) және 99-15) тармақшалармен толықтырылсын.

      "99-1) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн жасақтап, бекiтуге ұсынады;

      99-2) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн жасақтап, бекiтуге ұсынады;

      99-3) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiндешешімдер қабылдау бойынша жұмыстар жүргізу;

      99-4) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдау бойынша жұмыстар жүргізу;

      99-5) жануарларға (балықтарға) ауырып қалған, бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      99-6) жануарларды (балықтарды), оның ішінде балықтардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

      99-7) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      99-8) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      99-9) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізу;

      99-10) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;

      99-11) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

      99-12) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      99-13) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;

      99-14) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;

      99-15) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;".

      2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады