2025 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 141 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2025 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 20 маусымдағы
№ 141 қаулысына қосымша

2025 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінім нысаны және өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшем шарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы

бас

270 000

1. Өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;
2. Өтінім беру сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры (АЖБ) және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында (САТЖАҚ) аналық мал басының тіркелген болуы (ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің немесе кооператив мүшелерінің атында тіркелген болуы)

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Өтінім нысаны

      _____________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың және астананың)
жергілікті атқарушы органы

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының (сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы) азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидия алуға арналған өтінім

  Өтінім нөмірі:___________
Өтінім қалыптастырылған
күн: ______

      1. Тауар өндірушінің атауы______________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы)

      2. Тауар өндірушінің мекенжайы: ___________________________(облыс, аудан, қала/ауыл, көше, үйдің нөмірі)

      3.ЖСН/БСН___________________________________(жеке/заңды тұлға үшін)

      4. Телефон нөмірі _____________________________ 5. Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша статистика:

      1. Өтінім берген сәттегі ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының тізімі:

Р/с №

ЖБН

1.


2.


3.


      2. Субсидиялауға жататын аналық мал басының саны________бас

      3. Субсидиялау нормативі ________________ теңге

      4. Өтелетін сома_________ теңге

      6. Өтінім берушінің жер учаскелері туралы мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жалпы ауданы, га

Жердің санаты

Нысаналы мақсаты

1

2

3

4

5

1.





2.






Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Тиісті күнтізбелік жылға азықтық дақылдарды себу алаңы (бар болса)

Азықтық дақылдар себілген алаң, оның ішінде түрлері бойынша, гектар


2.

Дайындалған азықтың көлемі

Азықтың дайындалғанын растайтын құжаттың атауы мен күні


Ағымдағы жылы түрлері бойынша дайындалған азық, тонна

3.

Азық дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжат

Азық дайындауға жұмсалған шығындар сомасы, теңге


      7. Азық дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі: төлем тапсырмасы /банктен үзінді-көшірме /бақылау-кассалық аппараттың чектері /кіріс кассалық ордер /түбіртек /жүкқұжат және т.б.

Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Азықтың сатып алу-сату шарты

Азықтың көлемі, тонна


Шарт бойынша барлық сома, теңге


1.




      8. Азықтың сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі.

      9. Электрондық шот-фактура:

Р/с№

ЭШФ беру күні

Айналым жасалған күн

ЭШФ нөмірі

Сатушының ЖСН/БСН

Сатушы атауы

Жалпы құны

1

2

3

4

5

6

7

1.







      10. Электрондық шот-фактураның электрондық көшірмесі.

Р/с №

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасы

ЖСН/БСН


ЖСК


Кбе


Банктің немесе почта операторының деректемелері: банктің немесе почта операторының атауы:


БСК


БСН


      Жыл бойы мәлімделген аналық малдың сақталуын (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз ететінімді растаймын, сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда ауыл шаруашылығы жануарының сақталмаған басы үшін алынған субсидияларды қайтаруға келісемін. Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, пайдалануға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__"___ сағат ____ қол қойып, жіберді

      Өтінім беруші туралы

      ЭЦҚ-дан алынған мәліметтер.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСК - банктік сәйкестендіру коды

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖБН - жануарлардың бірдейлендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Кбе - бенефициар коды;

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЭШФ - электрондық шот-фактура.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады