Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы №399 "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің орналастыру және пайдалану үшін жариялы сервитут белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізілсін:
2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" акционерлік қоғамының "Теңіз-Новороссийск" магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне белгіленген қауымдық сервитутқа байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |