Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №130 "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ келесі мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8), 32-9), 32-10), 32-11) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-1) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
32-2) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасайды;"
32-3) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
32-4) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
32-5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
32-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
32-7) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыста ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
32-8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
32-9) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
32-10) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
32-11) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
41-1) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
