2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі C. Шәпкенов

  Атырау облысы
әкімдігінің 2025 жылғы 13
ақпандағы № 32 қаулысына
қосымша

2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

№ п/п

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

1

Бірінші сортты бидай ұны

1 (бір) килограмм

271

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

1 (бір) килограмм

279

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

428

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

550

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

1 (бір) килограмм

556

6

Картоп

1 (бір) килограмм

282

7

Асханалық сәбіз

1 (бір) килограмм

245

8

Басты пияз

1 (бір) килограмм

228

9

Ақ қауданды қырыққабат

1 (бір) килограмм

242

10

Ақ қант - құмшекер

1 (бір) килограмм

511

11

Күнбағыс майы

1 (бір) литр

899

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

1 (бір) килограмм

3174

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

1 (бір) килограмм

1803

14

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

1 (бір) килограмм

6367

15

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

ондық

758

16

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа)

1 (бір) килограмм

142

17

Сүзбе: майлылығы 5 – 9%

1 (бір) килограмм

2353


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады