Атырау облысы Мақат ауданында Шеңгелді ауылын құру туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысы және Атырау облысы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 206-VIII бірлескен шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес, Атырау облысы Мақат аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облыстық ономистика комиссиясының 2023 жылғы 12 қазандағы қортындысының негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облысы Мақат ауданының Бәйгетөбе ауылдық округінде жалпы аумағы 1120 гектарды құрайтын Шеңгелді ауылы құрылсын.

      2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Атырау облыстық мәслихатының Аграрлық мәселелер, жер пайдалану және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы мен Атырау облыстық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов
      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады