Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 29/1 шешімі

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      8 тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға (2, 4 клиникалық топ) жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес 1 типті қант диабеті диагнозымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығы болмаған кезде, жылына 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген жағдайда азаматқа (отбасына) – бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы жәрдемақы тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне мұқтаждық басталған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей төленеді;

      АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде жәрдемақы төленеді;

      туберкулезбен ауыратын және амбулаторлық емделіа жатқан азаматтарға "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімдер негізінде қосымша тамақтануға – ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебіндегі адамдарға, осы санаттағы тұлғаларды растайтын құжат бойынша 1 (бір) рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының төрағасы А. Асанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады