Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 357 қаулысы

      Ескерту. 19.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 2-тармағымен.

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 357 қаулысына
  қосымша

Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар

      1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтарында.

      2. Білім беру ұйымдарының аумақтарында.

      3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумақтарында.

      4. Медициналық ұйымдарының аумақтарында.

      5. Емдеу ұйымдарының аумақтарында.

      6. Мәдениет ұйымдарының аумақтарында.

      7. Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады