Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 01-13/188 ұсынысы негізінде, Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1..Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Прибрежный ауылдық округінің Шаховское ауылының пастереллездің расталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Прибрежный ауылдық округінің әкімі | Д. Рамазанов |
