"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 84 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35 бабына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазаңдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне №26.4-04/1241 хатты және Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы 2025 жылғы 24 қазаңдағы № 650 бұйрығымен бекітілген, әзірленген жерге орналастыру жобасы негізінде Прибрежный ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі Прибрежное ауылында уақытша айналма жол үшін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 2,9202 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) белгіленсін.

      Жер учаскесіндегі шектеулер, ауыртпалықтар:

      жер учаскелерін киып өтеді: (кадастрлық нөмірі 15-220-023-610)-0,0196 га, (кадастрлық нөмірі 15-220-023-635)-0,0165 га, (кадастрлық нөмірі 15-220-023-613)-0,0187 га, кадастрлық нөмірі 15-220-023-608-0,0063 га.

      желілі нысанын киып өтеді: кадастровый номер 15-220-068-111, кадастрлық нөмірі 15-220-066-006, кадастрлық нөмірі 15-220-068-122.

      2. Жер (лер) учаскесі (лері) бөлінеді деп саналсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Прибрежный ауылдық округінің әкімі Д. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады