Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 55-ш шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      Қызылжар ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы атаулы жоқ көшеге – Талғат Бигелдинов көшесі деп атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауылдық округінің әкімі Н. Хуатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады