Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Буденное-СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі, жалпы ауданы 2,0640 гектар , оның ішінде: табиғи жайылымдар 1,5640 гектар, өзгелері 0,5000 гектар жер учаскесіне, орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі,Новоишим ауылының шекараларында орналасқан, суару массивіне су алу және жеткізу үшін инфрақұрылым салу үшін 49 жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новоишим ауылдық округінің әкімі | А. Букпин |