Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемілекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 30 шілдедегі №08-02/538 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Лесной ауылдық округі, Ленинское ауылы, Московская көшесі, 4-үй тұратын Вагнер Татьяна Владимировнаның жеке ауласының ауыл шаруашылығы жануарларының иесі аумағына ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лесной ауылдық округі әкімі | Н. Мұхаметжанов |