"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1 бабына негізінде, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласының қоғамдық жұмыстары жүзеге асырылатын ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | С. Мұхамедиев |
| Петропавл қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 19 желтоксандағы | |
| № 1868 қаулысына | |
| қосымша |
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қезең | Жұмыстың егжей-тегжейі | Ұйымдардың атауы |
1 | Жазғы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау | Көктем-жаз-күз | Қоқысты қоқыс тастайтын жерге тиеу және шығару, жол жиегін шауып алу және шабылған шөпті жинау, жолдың жүру бөлігін тазалау және жуу, шұңқырларды жою, жарықтарды, шұңқырларды және шөгінділерді бітеу, көшелердің жүру бөлігіне белгілер салу, тротуарларды ластан тазарту | "Тұрғын үй қызметі" ЖШС |
2 | Жазғы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау | Қыс | Көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, қар үйінділерін тазалау, қар үйінділерін жою, жолдарды тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, автобус аялдамаларын қар мен мұздан үнемі тазарту | "Тұрғын үй қызметі" ЖШС |
3 | Қалалық нөсер жүйесін ұстау | Көктем-жаз-қыс | су бұрғыш ашық нөсер кәріздері мен құдықтарды қоқыс пен батпақтан тазарту | "Петропавл қаласының ТКШ және АЖ бөлімі" ММ Петропавл қаласы әкімдігінің тазартқыш, субұрғыш және суөткізгіш имараттары" ШЖҚ МКК |
Барлығы | 3 | 2 | 3 | 2 |
