"Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 168 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне талдау жүргізу;";

      "8) ғылыми білімдерді денсаулық сақтау саясаты мен практикасына трансляциялауға, реформалар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеуде ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне, олардың денсаулық сақтау жүйесінің сапасына, қолжетімділігіне және орнықтылығына, әлеуметтік және экономикалық әсеріне ықпалын ескере отырып, талдау жүргізеді;";

      "9) денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, нормативтік өзгерістер мен басқарушылық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ғылыми-талдамалық шолулар мен Policy Brief (нақты деректерге негізделген талдамалық анықтамалар) әзірлеуді және қарауды ұйымдастырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ҒТК төрағадан, төрағаның екі орынбасарынан және тұрақты мүшелерінен тұрады. ҒТК құрамына денсаулық сақтау саласындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, Ұлттық ғылыми кеңестің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері кіреді.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ҒТК төрағасы және төраға орынбасарлары ҒТК бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелерінің қатарынан сайланады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасарларының бірі орындайды. Орынбасарлар тарапынан функционалдық міндеттердің атқарылу тәртібі ҒТК отырысында айқындалады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған секциялар (бұдан әрі – Секциялар) құрылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Секцияның атауы, оның дербес құрамы, сондай-ақ Секцияның жұмыс органы ҒТК отырысында бекітіледі. Секцияның жетекшісі қажет болған жағдайда тиісті бағыт бойынша сарапшыларды Секция жұмысына тартуға құқылы. Тартылған сарапшылар Секция жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады. Секция жұмысы барысында шешімдерді қабылдау кезінде дауыстар тең болған жағдайда шешуші дауыс Секция жетекшісіне тиесілі болады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және тақ санынан тұрады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялаған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады