БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде:
3-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"29) "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлері; радиорелелік станцияларды, ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станцияларын, стационарлық (жердегі) спутниктік байланыс станцияларын, құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдарын, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдарын қоспағанда елді мекендердің қоныстану аумағында орналасқан 30 килоГерцтен (бұдан әрі – кГц) бастап 300 ГигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі радиожиілік диапазоны бар стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радио басу құралдары);";
4-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"28) ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес қауіптіліктің 3-5 сыныбына жататын қызмет түрлері; (елді мекендердің қоныстану аумағынан тыс) өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылған 30 килоГерцтен (бұдан әрі – кГц) бастап 300 ГигаГерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі радиожиілік диапазоны бар стационарлық таратушы радиотехникалық объектілер (байланыс, радиобайланыс, радиохабар тарату, теледидар, радиолокация және радио басу құралдары); радиорелелік станцияларды, ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары, стационарлық (жердегі) спутниктік байланыс станциялары, құрлықтағы жылжымалы радиобайланыс құралдары, жылжымалы объектілерде орналасқан теңіз, өзен және әуедегі жылжымалы радиобайланыс құралдары;".
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
